Бейжіңде қазақ-қытай қатынастарының жай-күйі мен келешегі талқыланды

20 Қыркүйек 2024, 22:45
391
Бөлісу:
Бейжіңде қазақ-қытай қатынастарының жай-күйі мен келешегі талқыланды
Фото: gov.kz

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі Лю Биньмен (министрдің орынбасары деңгейінде) кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың екіжақты мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің биылғы жылғы шілдеде Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қос мемлекет басшыларының қол жеткізген уағдаластықтарының іске асырылу барысын талқылады. Алдағы іс-шаралар кестесі бойынша пікір алмасты.

Елші мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайту тұрғысынан екіжақты ынтымақтастықтың жоғары динамикасын атап өтті. ҚР-ҚХР ынтымақтастық жөніндегі комитет қызметінің осы үдерістегі маңызды рөлін атап өтті.

Лю Бинь екі мемлекет басшыларының стратегиялық басшылығымен қазақ-қытай қатынастары жаңа «алтын 30 жылдықта» табысты дамып келе жатқанын мәлімдеді.

Қос мемлекет басшыларының уағдаластықтарын тиімді іске асыру және практикалық ынтымақтастықты тереңдету үшін Қазақстанмен тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында тараптар БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия – Қытай» форматы сияқты көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды қоса алғанда, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Өзгелердің жаңалығы