Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Мәдениет және спорт вице-министр Серік Жарасбаев хабарлады.
Оның айтуынша, ел спорты сынға түсетін додада олимпиадалық құраманың туын ұстап шығатын спортшылардың есімі белгілі болды.
Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымызбен, команданың көшбасшыларымен кездескен болатын. Шорт-тректен Қазақстан командасының көшбасшысы, әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы Абзал Әжіғалиев пен конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионы Екатерина Айдова Бейжің Олимпиадасында Қазақстан олимпиадалық құрамасының туын ұстап шығады, - деп атап өтті вице-министр.
Сондай-ақ ведомство басшысы өз сөзінде спортшыларымызға үлкен сенім артылатынын алға тартты.
Әр спортшы үшін олимпиадаға бару арман. Барлығынан үлкен үміт күтеміз. Оларға қазіргі уақытта барлық жағдай жасалған, - деді Серік Жарасбаев.