Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай астанасы Бейжің қаласында өтетін Қысқы Олимпиадаға еліміздің спортшылары аттанды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев хабарлады.
Спортшыларымыз Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына аттанды. Ел намысын қорғайтын өрендерімізге сәттілік серік болсын! Сайыстан олжалы оралсын! Қазақстан, алға! - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.