Бейжің Олимпиадасы. 34 спортшы ел намысын қорғайды

4 Ақпан 2022, 18:36
1567
Бөлісу:
Бейжің Олимпиадасы. 34 спортшы ел намысын қорғайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытай тарихында Қысқы Олимпиада ойындары алғаш рет өтуде. 

Дәл қазір әлем назары – Бейжіңде. Себебі Қытай астанасында 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты болып жатқаны белгілі.  

Шығармашылық топ Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын жоспарлағанда ешкім күтпеген көріністерді ұсынуға тырысыпты. Барлығы  мұздан жасалынып, Олимпиада ойындары өтетін жарыстардың бейнелері айшықталыпты.

Әдеттегідей Грекия елінің ойыншылары Олимпиада ойындарындағы ашылу салтанатының түндігін түрді. Ойыншылары алғашқы болып шығатын тарихи құқық гректерге Жазғы, сондай-ақ Қысқы Олимпиада ойындарында берілгені баршаға мәлім.  

Айта кетерлігі, Ақ Олимпиада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрі бойынша 34 спортшы қорғайды.  

Олимпиадаға әлемнің 95 елінен 4000-нан астам спортшы қатысады деп күтіліп отыр.

Өзгелердің жаңалығы