Бейжің-2022: Шыңғыс Ракпаров 41-ші орын алды

9 Ақпан 2022, 18:23
1444
Бөлісу:
Бейжің-2022: Шыңғыс Ракпаров 41-ші орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжің Олимпиадасында шаңғы қоссайысынан жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алтын медальды германиялық Винченц Гайгер жеңіп алды. Екінші орынға норвегиялық Йорген Граабак, үшінші сатыға австриялық Лукас Грайдерер жайғасқан. 

Бұл сында Қазақстан атынан Шыңғыс Ракпаров өнер көрсетіп, 41-ші орыннан көрінді. 

Еске сала кетейік, Шыңғыс Ракпаров аталған спорт бойынша Олимпиадаға қатысқан алғашқы қазақстандық спортшы. 

 

Өзгелердің жаңалығы