Бейжің-2022: Қазақстандық шаңғышы ТОП-25 қатарына кірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Бейжің Олимпиадасында ерлер арасында шаңғы жарысынан классикалық стильден 15 шақырымдық бәсекелер өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

11 Ақпан 2022 2022, 17:04
АВТОР
 11 Ақпан 2022 2022, 17:04
11 Ақпан 2022 2022, 17:04
1943

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Бейжің Олимпиадасында ерлер арасында шаңғы жарысынан классикалық стильден 15 шақырымдық бәсекелер өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Аталған қашықтықта ел намысын Виталий Пухкало мен Евгений Величко қорғады.

Жарыс нәтижесі бойынша жалпы жарыс жолына шыққан 99 шаңғышылар арасынан Виталий Пухкало мәреге 25-ші, ал Евгений Величко 40-шы болып жетті. Жерлестеріміз Пухкало тиісті қашықтықты 40:39:6 уақытта бағындырса, Величко 41:27:3 уақытта жүріп өтті.

Бұл доданың бас жүлдесін финляндиялық Ииво Нисканен жеңіп алды. Күмісті ресейлік Александр Большунов қанжығасына байласа, үздік үштікті норвегиялық Йоханнес Клебо еншілеп Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Шаңғы жарысы

15 км, классикалық стиль. Ерлер

1. Ииво Нисканен (Финляндия) – 37:54,8

2. Александр Большунов (Ресей) +23,2

3. Йоханнес Хесфлот Клебо (Норвегия) +37,5

...25. Виталий Пухкало (Қазақстан) +2:44,8

...40. Евгений Величко (Қазақстан) +3:32,5.

Наверх