Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зауытты China Construction First Group компаниясы салып жатыр.
Зауыт күніне 250 мың маска шығаратын болады. Бейжіңде алты күн ішінде өнеркәсіпке арналған ғимаратты қорғаныс маскаларын шығаратын зауытқа айналдырмақ.Себебі COVID-19 коронавирустың жаңа түріне байланысты маскаға сұраныс өте жоғары. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.
Нысанды қайта салу дүйсенбі күні басталған. Жұмысшылар бір-біріне коронавирус жұқтырмауы үшін құрылыс компаниясы күнде олардың дене қызуын өлшеп отырады.