Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Президент ұстанымы өзгермейтінні айтты. Сондай-ақ Тоқаев көпшілік ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу өзі үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік екенін жеткізіп, сенім артқандарға ризашылығын білдірді.
Біз жаңа саяси дәуірге қадам бастық. 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұл – болашақ даму бағдарымызды айқындайтын аса маңызды науқан. Түрлі қоғамдық ұйымдары маған өздерінің атынан сайлауға түсу туралы ұсыныс білдірді. Мен бұған дейін Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермей, саяси тұрғыдан бейтарап болу қажеттігін айттым. Осы ұстанымым өзгермейді. Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік, - деді Президент.
Мемлекет басшысы сенім артқан халыққа ризашылығын білдірді.
Коалицияда басты саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың болуы өте маңызды. Себебі, онда барлық әлеуметтік топтар қамтылған, - деді Мемлекет басшысы.