Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бейсенбіде елордаға 1,5 мың тонна көмір жеткізілді

1 Ақпан 2019, 11:01
1844
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. 31 қаңтардағы жағдайға сәйкес елордадағы қатты отынның жалпы қоры 14 031,89 тоннаны құрайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

31 қаңтарда елордаға 1 540 тонна көмір жеткізілді. Оның 1190 тоннасы – «Шұбаркөл», 350 тоннасы – «Майкөбе». Ал көмір бағасы төмендегідей:

«Шұбаркөл» тоннасы – 11300 теңге,

«Қаражыра» тоннасы – 13 200 теңге,

«Майкөбе» тоннасы – 12 000 теңге,

«Богатырь көмірі» тоннасы – 9000 теңге,

«Кузнецкий» тоннасы – 12 250 теңге.

Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды. 2018 жылдың 1 тамызынан 3 қаңтарға дейін 339,5 мың тонна сатылды.

Бүгінгі күні, көмір нарығында жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ. Астана қаласы әкімдігінің көмір нарығындағы жағдайды күн сайын мониторингтен өткізіп, өз бақылауына алған. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.

Өзгелердің жаңалығы