Бейсенбіде ауа сапасы қандай болады?

4 Мамыр 2023, 08:10
985
Бөлісу:
Бейсенбіде ауа сапасы қандай болады?
Фото: baq.kz

4 мамыр, бейсенбіде Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 4 мамыр, бейсенбіде Қазақстан қалаларының басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Астана мен Алматыда ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы