Қазгидромет 16 наурызда болатын ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың шығыс жартысында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, солтүстік-батыс циклон жырасының және атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуінен, мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
Елдің батыс жартысында кең антициклон әсерінде болады, сол себепті жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі.
Республика бойынша тұман, жел күшейеді, елдің солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, елдің оңтүстік-батысында, батысында шаңды дауыл күтіледі.