Бейсен Құранбектің қырқына жетпей анасы да өмірден озды

25 Маусым 2020, 22:11
4569
Бөлісу:
Бейсен Құранбектің қырқына жетпей анасы да өмірден озды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында өмірден озған танымал журналист Бейсен Құранбектің анасы да қаза тапты. Бұл туралы журналист Өміржан Әбдіхалықұлы жазды.

Бейсен Құранбектің анасы дүниеден озды деген суық хабар келді. Құранбек әулетіне Алла сабыр берсін! Ағайдың артынан анасына да аттаныпты. Ағайын-туыстары, жек-жұрағаттарына қайғырып көңіл айтамыз! Ана жүрек тоқтапты! Барша Құранбек әулетіне Алла үлкен сабыр берсін!, - деп жазды Өміржан Әбдіхалықұлы.
Айта кетейік, Құранбектер әулеті жақында карантинге байланысты Бейсен Құранбектің 27 маусымға белгілгенге қырық күндік асына көпшіліктен шақырудан бас тартқандарын хабарлаған болатын.  
Бізге бұл шешімге келу оңай болмады. Сонда Бейсекең өзі болса, бұл жағдайда не істер еді деген сауал қойдық. Біз білетін Бейсекең бірінші кезекте өзін емес, айналасындағы адамдардың қамын ойлап, дұрыс тәртіпті белден баспай, ақылға сыйымды амалын жасар еді. Сол қисынмен ел-жұртты бір жерге жинамай-ақ, қасиетті жұма күні құран оқып, дұға бағыштайық деген тоқтамға келдік. Біздің бұл ойымызды түсініп қабылдауларыңызды сұраймыз, - деп жазған еді Құранбек әулеті.
Өзгелердің жаңалығы