Бұл жайында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Апатты, үш ауысымды мектептер мен оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу үшін тек соңғы 3 жылда 380 мың оқушы орнына арналған 626 мектеп пайдалануға берілді, - деді ол.
Министрдің дерегіше, 2020 жылы – 81 мың орындық 102 мектеп, 2021 жылы – 163 мың орындық 277 мектеп, 2022 жылы – 136 мың орындық 247 мектеп пайдалануға берілді.
Биыл елімізде 137 мың оқушы орнына арналған 165 мектепті пайдалануға беру көзделіп отыр. Бұл осы жылы 12 апатты және 29 үш ауысымды мектеп мәселесін шешуге бағытталған. Жалпы мектеп инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бекітілгені белгілі. Жоба аясында 2024-2025 жылдары 740 мың оқушы орнына арналған 369 мектепті пайдалануға беру көзделген, - деді Ғани Бейсембаев Парламенттік комиссияның отырысында.