"Бейнеу – Сексеуіл" автожолы салынады

Жоба аясында бірнеше көпір мен елді мекендерге кіреберіс жолдар қарастырылған.

 24.kz Бүгiн 2026, 08:54
Бүгiн 2026, 08:54
463
Фото: 24.kz

Бейнеу мен Сексеуіл арасындағы жаңа автожол құрылысы Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бермек. Ұзындығы 559 шақырымды құрайтын күре жолдың жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жоба жүзеге асса, Ақтау портына дейінгі қашықтық айтарлықтай қысқарып, халықаралық жүк тасымалы жанданады. Әсіресе шалғай ауылдар үшін бұл жолдың маңызы зор. Қазіргі таңда көлік қозғалысы Ақтөбе арқылы айналып өтеді, бұл шамамен 900 шақырымға созылады. Жаңа бағыт уақыт пен шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сала ардагері Жүзбай Таңрықбаевтың айтуынша, жол бойындағы алты елді мекен үшін бұл табыс көзін арттыратын маңызды инфрақұрылым болмақ.

Жаңа трасса екінші санаттағы жол ретінде салынады. Жоба аясында бірнеше көпір мен елді мекендерге кіреберіс жолдар қарастырылған. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, бұл бағыт Президент тапсырмасына сәйкес қолға алынған.

Мамандардың пікірінше, жаңа жол ел ішінде өндірілген өнімді Ақтау және Құрық порттарына ең қысқа бағытпен жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік тауар айналымы үшін де тиімді болмақ.

Наверх