Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бейнеселектор кезінде қызметкерді құшақтап отырған шенеунік жұмыстан босатылды

28 Шілде 2025, 15:02
912
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Өзбекстанда бейнеселекторлық жиын кезінде тізесінде отырған әріптесін құшақтап отырған шенеунік жұмыстан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі uznews-ке сілтеме жасап.

Бұл оқиға Самарқандта болған. Ер адам бейнеселекторлық жиынға камераны өшірдім деп ойлап, алдында отырған әріптесін құшақтаған күйінде қатысқан. Оқиғадан кейін бидеокадрлар әлеуметтік желілерде кеңінен тараған.

Аталған оқиғаға қатысты қызметтік тексеру жүргізілді. Жұмыс барысында бейәдеп қылық танытқан қызметкерлер жұмыстан босатылды. Олардың еңбек шарттары бұзылды, - деп мәлімдеді Өзбекстанның Жұмыспен қамту және кедейлікті қысқарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай,танымал болған шенеунік 2023 жылдың желтоқсан айынан бері Каттакурған ауданының Жұмыспен қамту және кедейлікті қысқарту бөлімін басқарып келген А.А. есімді азамат.

Өзгелердің жаңалығы