Алматы, BAQ.KZ. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) бірінші ауыр салмақтың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.
Отандасымыз Бейбіт Шүменовтің (18-2, 12 КО) қайтадан «тұрақты» әлем чемпионы болғаны хабарланды.
Шүменов бұған дейін WBA бойынша «демалыстағы чемпион» дәрежесін иеленген, дегенмен енді бұрынғы атағын қайта қайтарып алды.
Боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін өткен жылдың шілде айында түрік Хизни Алтункайға қарсы өткізген. Бейбіт қарсыласын тоғызыншы раундта уақытынан бұрын жеңген болатын. Осы жеңістің арқасында ол WBA тұжырымындағы вакантты белдікті қайтарып алды.