«Бейбіт халықты өз елінен қуып шықты». Жоғарғы имам саяси оқиғалар жайлы айтты

14 Қыркүйек 2022, 11:11
1304
Бөлісу:
«Бейбіт халықты өз елінен қуып шықты».  Жоғарғы имам саяси оқиғалар жайлы айтты
Фото: автордан

Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтіп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Әл-Азһар Жоғарғы имамы Шейх Мухаммад Ахмад Ат-Тайеб климаттың өзгеруі туралы айтты. 

Климаттың жылынуы, орман өрті, теңіздердің деңгейі шамасынан шығуы, өзен мен көлдердің құрғауы сынды өзгерістер болып жатыр. Жәндіктердің жойылуы сынды залалды өзгерістерді көріп отырмыз. Сондай-ақ соңғы кездері басымыздан өтіп жатқан менмендіктен жасалған саяси іс-қимылдар бар. Олар да экономикалық тұрғыдан өте үлкен нұқсан келтіріп отыр. Оның барлығы белгілі бір деңгейде адам ешқашан ойлмаған экономикалық дағдарысқа алып келіп отыр. Тіпті, нанның жетіспеуіне алып келді. Бейбіт халықты құрту, оларды өз елінен, жерінен қуып шығу сияқты келеңсіз жайттар болды, - деді ол. 

Шейх Мухаммад осының барлығын қазір айту артық болса да, қазіргі өмірде болып жатқанын айтты. 

Шеттен шығу, асыра сілтеудің салдары деп ойлаймын. Бұл апаттың барлығы өркениетте адам өз қолымен жасағаннының салдары деп ойлаймын. Бір адамның басқа адамға деген қарым-қатынастың бұзылуынан деп ойлаймын. Адам мұндай қылмысқа бармауы үшін, қасиетті дүниеге қол сұқпауы үшін бірлік қағидатын ілгерілету керек. Ізгілік негізі әрдайым сақталған еді. Қазір бұл қасиет діндерге де нұқсат келтіріп отыр. Сенімсіздікке негізделген діндер де бар екенін көріп отырмыз. Осындай әрекет адамзатты апатқа алып келуі мүмкін. Эгоизм мен сексуалдық тұрғыдан құлдырау, интеллектуалдық тұрғыдан азғындау жек көрінішті оқиғаға алып келіп отыр, - деді Әл-Азһар Жоғарғы имамы Шейх Мухаммад Ахмад Ат-Тайеб.

Өзгелердің жаңалығы