2017 жылданн бері Ертіс өңіріне қандас мәртебесінде 2,5 мыңнан астам қазақ көшіп келген. Олардың 2500-ден астамы аймақтық квотаға енгізілді, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілдерінің мәліметінше, осы жылдың басынан бері 400-ден астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алған.
Қандастар Түркменстан, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Қытай және Қырғызстаннан келіп жатыр. Олардың 23,4%-ы ауылдық жерлерде қоныстанды. Аймақтық квотаға ие болғандардың 200-ге жуығы еңбекке қабелетті жаста болса, 146-сы – балалар. 30-ға жуық азамат зейнеткерлер қатарында. Осы күнге дейін жұмысқа қабілетті 84 азамат екі қолға бір күрек тапты, - дейді басқарма басшысы Альмира Дисюпова.
Айта кетейік, қандастардың арасында аймаққа бейімделмей кеткендері бар. Көбінесе климаттық жағдайларға орй Алматы және Астана қалаларына көшіп кеткен. Қазіргі уақытта облыста Түркменстаннан келген қазақтарды қоныстандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. осы уақытқа дейін 100-ден астам этникалық қазақ өңірге көшіп келді. Бұл – 23 отбасы. Олардың барлығына ресми түрде қандас мәртебесі берілді. Мамандардың айтуынша, аймақтық квотаға ілккен азаматтарға көші-қон үшін 70 АЕК көлемінде субсидия қарастырылған.