Еліміздің бес өңіріне ауа райына байланысты ескерту жарияланды,деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысының шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
5 қазанда Батыс Қазақстан облысында – күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында дауыл соғады, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында дауыл соғады.
Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз солтүстік-шығыста, оңтүстікте, облыс орталығында 15-20 м/с.
Шымкентте шығыстан 15-20 м/с жел соғады.