Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Берлинде ХАМАС ұйымының атынан теракт ұйымдастырмақ болған күдіктілер ұсталды

2 Қазан 2025, 04:05
548
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Берлинде лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен ХАМАС ұйымының үш мүшесі күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews арнасына сілтеме жасап.

Телеарна Германияның Der Spiegel газетінің ақпаратына сілтеме жасайды.

Күдіктілер арасында ливандық 36 жастағы неміс, Сириядан келген 44 жастағы неміс және 43 жастағы ливандық бар.

Күдіктілерге Хамас қару-жарақ пен оқ-дәрі алуға нұсқау берген деген болжам бар. Шамасы, олар еврейлер мен израильдік нысандарға шабуыл жасауды жоспарлаған. Хабарда айтылғандай, шабуылдарға дайындық жаздан бері жүргізілуде.

Федералдық прокуратура күдіктілерді шетелдік лаңкестік ұйымға мүше болды және ауыр қылмыс жасады деп айыптайды. Полиция әртүрлі қару-жарақтарды тәркіледі, - деп түсіндіріледі хабарламада.

Неміс ақпарат құралдарының хабарлауынша, лаңкестікке қарсы арнайы жасақ қаруды тасымалдау кезінде күдіктілерді ұстаған.

Лейпциг пен Солтүстік Рейн-Вестфалияда да іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл Хамас мүшелері деген күдікпен ұсталғандардың алғашқылары емес екені атап өтілді. 2023 жылы Федералдық прокуратура үш ер адамды Берлинде және бір адамды Роттердамда ұстады.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Хамасқа АҚШ қолдаған Газа жоспарын қабылдауға үш-төрт күн қалды деп мәлімдеген. Бұл жоспар атысты тоқтатуды, тұтқындарды алмасуды және Хамасты қарусыздандыруды қамтиды. Араб және мұсылман елдері Трамптың бейбітшілік талпыныстарын қолдады.

Жоспар тез арада атысты тоқтатуды, ХАМАС ұстаған барлық кепілге алынғандарды Израильдің қолындағы палестиналық тұтқындарға айырбастауды, Газа секторынан Израиль әскерлерін кезең-кезеңмен шығаруды, ХАМАС-ты қарусыздандыруды және халықаралық ұйым басқаратын өтпелі үкіметті құруды көздейді.

Өзгелердің жаңалығы