Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Қоғамдағы әрбір жағдайға бейжай қарамайтын, қандай да бір мәселеге қатысты бейтарап көзқарас ұстанатын, сергек ойлайтын Қуандық Шамахайұлының тосын қазасы бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті. "Qazaqstan" ұлттық арнасындағы "1-студия" саяси ток-шоуын шығарып жүргенімізде ағамызбен етене араластық. Әрдайым өз ойын ашық айтып, көзқарасын табанды түрде қорғайтын еді. Елге жанашыр, жұрт жұмысына жегілген азамат болатын. Қуандық Шамахайұлының қазасына орай отбасы мен жақындарына қайғыларымен ортақтасып, көңіл айтамын. Марқұмның алды пейіш, арты кеніш, жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын, – деп жазды Берік Уәли.