Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді.
Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы өзінің 2021 жылғы халыққа Жолдауында азаматтардың нақты қажеттіліктеріне сәйкес бірқатар абаттандыру жобалары іске асырылғанын атап өткен болатын. Бұдан кейін абаттандыру мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылыққа арналған бюджетке халықтың қатысу үлесін арттыру қажет екенін, оның өте маңыздылығын атады. Сонымен қатар «еститін мемлекет» принцип шеңберінде мемлекет аппараты азаматтардың мүддесі үшін жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрлігі Q88 еліміздің урбанистер қауымдастығымен бірлесіп, қазіргі тенденцияларды ескере отырып, «Берекелі бастау-қалалық бастама» бағдарламасын іске қосқан еді, - деді Еркебұлан Дауылбаев.
Оның атап өтуінше, «Берекелі бастау-қалалық бастама» бағдарламасы бойынша Ақтау мен Атырау қалалары таңдалған болатын.
Мәселен, бұған дейін елімізде Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрі аталған бағдарламаны іске қосып, алғашқы екі қала ретінде Ақтау мен Атырауды таңдаған болатын. Ол қалалардың орамдары мен аудандарын, оның ішінде инженерлік инфрақұрылымды, тұрғын үй қорын жаңғырту мен абаттандырудың кешенді тәсілін қарастыру жоспарлануда. Бағдарламаны іске асыру үшін жобалар пакетін қалыптастыру және басып шығару сондай-ақ тұрғындардан ұсыныстарды жинау , осы қалалардың тұрғындарының дауыс беруі арқылы жобаларды іріктеу және жеңіпаз жобаларды одан әрі іске асырылатынын атап өткім келеді, - деді Е.Дауылбаев.
Вице-министрдің айтуынша, «Берекелі бастау-қалалық бастама» сайтында Атырау мен Ақтау қалаларының тұрғындарынан ұсыныстар жиналуда.
Қазіргі таңда бағдарлама аясында қаланы көркейту мақсатында Ақтау қаласы бойынша - 52, Атырау қаласы бойынша 45 ұсыныс түскен.
Келешекте еліміздің Павлодар, Шымкент, Тараз және Сәтбаев қалаларын дамытуды жоспарлап отырғандықтан жобаға қосылатын келесі қала ретінде Павлодар таңдалды, - деді ол «Берекелі бастау-қалалық бастама» бағдарламасы туралы баспасөз мәслихатында.