Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Ертіс өңіріне жұмыс сапарымен болып, бірнеше әлеуметтік және өндірістік ошақта болды. Сонымен қатар, көпбалалы аналардың жағдайын сұрастырып, емен жарқын әңгімелесті.
Министр алдымен «Нефтехим LTD» зауытының жұмысымен танысты. Осыдан 14 жыл бұрын ашылған өндіріс ошағы түйіршіктелген полипропилен, метил-трет-бутилді эфир және полипропилен қаптарын шығарады.
Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев нәзік жанды қызметкерлердің жалақыларының көлемі, әлеуметтік қорғау тетіктері туралы сұрастырды. Бүгінде зауытта еңбек ететіндердің қатарында көпбалалы аналар жетерлік.
Олардың қатарында бес баланың анасы – Гүлзия Қазкенова бар. Еңбек өтілі 6 жылдан асқан қызметкердің айтуынш, зауытта ауысым бойынша жұмыс істеген ыңғайлы. Себебі, балаларға көңіл бөліп, оқуларын реттеуге болады.«Көпбалалы аналар еңбек етіп, мансаптық жолмен өсу мүмкіндігіне ие. Отбасымызға да, жұмысқа да көңіл бөле аламыз. Бүгінде зауытың экструзионды цехының өзінде шамамен 100 әйел еңбек етеді, Жалықымыздың орташа көлемі – 120 мың теңге. Зауытқа дейін қызметтік автобуспен жетеміз. Асханада тамақтануға 50 пайыздық жеңілдік те қарастырылған», - дейді Гүлзия Қазкенова.
Зауыт мамандарының айтуынша, екі цехта 30 бос орын бар. Алдағы уақытта өндірістік қуаттылық үш есе артатындықтан, тағы әйел жұмыскерлердің күшін тарту жоспарланған.
Министр зауыттың жұмысына бағасын беріп, кәсіпорынның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесіне де тоқталды.
«Елбасымыз бен Президент алықтың әл-ауқатын көтеруді тапсырды. Еліміздің дамуы бірінші кезекте әр азаматтың еңбегіне байланысты екені сөзсіз. Жұдырықтай жұмылып, еңбек етсек, еліміз дами бермек», - дейді Бердібек Сапарбаев.
Министр кейін Екібастұз қаласына ат басын тіреді. Бұл шағын қалаға биыл Астана қаласынан 19 көпбалалы отбасы қоныс аударда. Оларға тұрғын үй «Нұрлы Ертіс» бағдарламасы бойынша бөлінді. Бұл бағдарлама бойынша шаһарға Нұр-Сұлтан қаласынан 100-ге жуық отбасы көшіп келген.
«Елордда тұру қиын болатын. Төрт баламызбен жертөледе түнеген күндеріміз болды. Екібастұз қаласынан пәтер ұсынылғнда бірден келістік. Баспана көңілімізден шықты», - дейді көпбалалы ана Анар Анафина.
Минист өз кезегінде көпбалалы отбасыларды қолдау шаралары тұрақты жүргізілетінін жеткізді.