Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жанармай құю бекеттері бензин бағасын негізсіз көтерген жағдайда қандай шаралар қолданылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Егер Монополияға қарсы комитет жанармай құю станцияларының бензинді 30 теңгеге қымбаттатып сатқанын анықтаса, олардың барлық заңсыз табысы тәркіленіп, қатаң айыппұлдар салынады. Мұндай жағдай тиісті лицензиялар мен рұқсат құжаттарын қайта қарауға негіз болмақ. Мемлекеттің реттеу тетіктері жеткілікті, бұл мәселеге техникалық қадағалау мен мұнай жеткізу тізбегі арқылы ықпал етеміз. Бағаны тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз, – дейді министр Энергетика минстрлігінде өткен брифингте.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алмасадам Сәтқалиев бензин бағасының бастапқы кезеңде 5 теңгеге көтеріліп, 210 теңгеге жететінін айтқан.