Бозымбаев Алматыда бензин бағасының төмендеуіне қатысты пікір білдірді

22 Қаңтар 2019, 14:02
5943
Бөлісу:
Бозымбаев Алматыда бензин бағасының төмендеуіне қатысты пікір білдірді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Алматыда АИ-92 маркалы бензин бағасының төмендеуі туралы пікір білдірді. 

«Қаңтардан бері Қазақстанда бензиннің профициті байқалады. Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында тауарбастылық, барлық резервуардың толып қалуы қаупі туындады. Жалпы елде де солай. Сол себепті мұнай өңдеу зауыттарындағы жүктемені азайттық», - деді Бозымбаев Үкімет кулуарында. 

Энергетика министрі өзі басшылық ететін ведомства бензин бағасын реттемейтінін жеткізді. 

«Қазіргі таңда бензин бағасы реттелмейді. Баға шамамен 150 теңге деңгейінде болады», - деп айтты министр. 

Айта кестек, 22 қаңтарда Алматыдағы автожанармай құю станцияларында АИ-92 маркалы бензин бағасы 149 теңге/литр дейін арзандады.

Назерке Абибулла

Өзгелердің жаңалығы