Бензин жанында сіріңкемен ойнаған 3 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

29 Мамыр 2023, 12:53
735
Бөлісу:
Бензин жанында сіріңкемен ойнаған 3 жасар бала жансақтау бөліміне түсті
Фото: Артём Чурсинов

Алматы облысында бензин құтысының жанында сіріңке жаққан 3 жасар баланың мойын, арқа, бөксе, оң иық аймағын II-III дәрежелі термиялық күйік шалған. Қазір бала реанимация бөлімінде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 27 мамырда сағат 18.40-та Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылында 2020 жылы туған баланың күйік алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу ТЖ департаментінің қызметкерлері жіберілді. Шақыру орнына келгеннен кейін екі баланың жеке тұрғын үйдің ауласында ойнағаны анықталды. Содан кейін олардың біреуі бензин құтысының жанында сіріңке жағып, абайсызда мойын, арқа, бөксе, II-III дәрежелі оң иық аймағында термиялық күйік алды, 20-29%. Соның салдарынан Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Бала реанимация бөлімінде, - делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Алматы облысы ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды:

- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- жанғыш заттары бар канистрлерді балалардың қолы жететін жерлерде сақтауға болмайды;

- балаларға сіріңке ойыншық емес екендігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіңіз;

- өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.

Өзгелердің жаңалығы