Белоусовка кентінде көпір құрылысы басталды – ШҚО

17 Шілде 2022, 00:19
1431
Бөлісу:
Белоусовка кентінде көпір құрылысы басталды – ШҚО

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражатқа Белоусовка кентінде екі бірдей көпірдің құрылысы басталды, деп жазды altaynews.kz.

Оның бірі кенттің «Өскемен-Риддер» тас жолы жағынан кіре берісінде салынып басталса, екінші көпірдің құрылысы Суворов көшесінің тұсында басталған. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Елдар Ыдырышевтың айтуынша, аталмыш өткелдер кенттің транспорттық логистикасын жақсартып қана қоймай, сондай-ақ ауданның экономикалық дамуына да әсерін тигізбек.

Белоусовка кентіндегі Суворов көшесінің тұсында екі жолақты көпір құрылысы басталған. Қазіргі уақытта аталмыш көпірдің аралық тіреулерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсам, нақты осы уақытта тіреулердің іргетастары құйылатын жерлерді арматурамен тоқу жұмыстары қолға алынған, – дейді №1 жол жөндеу учаскесінің бастығы Сайранбек Темешов.

Өзгелердің жаңалығы