Ұстаздар жаңа реформаларға қарсы шығып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бельгияның әлеуметтік және либералдық кәсіподақтары бастауымен 3 мыңнан 5 мыңға дейін шеруші орта мектеп мұғалімдерінің жаңа реформаларға қатысты алаңдаушылығын білдіру үшін Бельгия астанасында марш ұйымдастырып, жүріп өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Наразылық танытушылар кейінгі жылдағы бесінші қарсылық акциясын өткізу мақсатында Брюссельдің Оңтүстік вокзалының алдында бейсенбі таңертең жиналды. Ұстаздар Валлония білім министрі Каролина Дизер бастаған жаңа реформаларға қарсы шығып жатыр.
Ереуілшілер жалақыны қайта қарауды, сондай-ақ білім жүйесін мұғалімдер мен түрлі санаттағы оқушылардың қажеттілігін ескеретіндей жақсартуды талап етті.