Бельгияда атыс болды: Қаза тапқандар бар

17 Ақпан 2025, 03:30
444
Бөлісу:
Бельгияда атыс болды: Қаза тапқандар бар
Фото: X/Miss_Royal73

Бельгияда Брюссель маңында тағы да атыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Андерлехт ауданындағы атыс салдарынан 19 жастағы жігіт қаза тапты.

Атыс "Клемансо" метро станциясының маңында болған. Соңғы екі апта ішінде бұл ауданда осымен үшінші атыс оқиға тіркелді. Бір адам көз жұмып, үшеуі жарақат алған.

Қазіргі уақытта автокөлікпен қашып кеткен қылмыскерлер іздестіріліп жатыр. Белгілі болғандай, қарулы болған бір адам бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тергеу мүддесі үшін Брюссель прокуратурасы "оқиғаға пікір білдірмейтіндерін" айтты.

Прокуратураның бұған дейін білдірген пікіріне сүйенсек, жуырдағы атысқа заңсыз есірткі сатумен айналысатын қылмыстық топтар арасындағы күрес себеп болуы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы