Белгісіз дәрі ішкен. Шымкентте оқушы сабақ үстінде қайтыс болды

7 Ақпан 2024, 06:25
2833
Бөлісу:
Белгісіз дәрі ішкен. Шымкентте оқушы сабақ үстінде қайтыс болды
Фото: Артём Чурсинов -архив

Шымкентте 8-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Низамхан орта мектебінің оқушысы құрбысына үйінен белгісіз дәрі ішіп келгенін айтқан.

Содан екінші сабақта есінен танып қалған.

Тарих пәнінің мұғалімі мен сынып жетекшісі жедел жәрдем қызметін шақырған.

Мектеп медбикесі алғашқы көмек көрсетті. Жедел жәрдем қызметкерлері зонт арқылы асқазанын шайды. Оқушы өзін жайсыз сезінгендіктен ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, 2009 жылы туған жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - делінген ведомство ақпаратында.

Қазіргі таңда құзырлы орган өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы