Белгілі түркиялық дәрігер елордада балаларға ота жасады

17 Мамыр 2022, 18:01
2571
Бөлісу:
Белгілі түркиялық дәрігер елордада балаларға ота жасады
PHOTO
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында бірнеше күрделі ота жасалды. 

Операцияларды еліміздің білікті дәрігерлерімен қоса, Түркиядан арнайы келген белгілі хирург Бурак Тандер жасады. BAQ.KZ тілшісіне ота процесіне қатысудың сәті түскен болатын.

Белгілі түркиялық дәрігер елордада балаларға ота жасады

Айта кететін жайт, балаларға жасалған оталар елордадағы ауруханада бірнеше маманның басын қосқан шеберлік сағатының практикалық бөлігі ретінде жасалды. Шеберлік сағатына түркиялық Аджыбадем емханасының балалар хирургы, профессор Бурак Тандер арнайы ат басын бұрған. Сонымен қатар жоғары санатты хирург, профессор Владимир Котлобовский, Балалар хирургтері онлайн мектебінің басшысы, балалар хирургы Виктор Исаков қатысты.

Белгілі түркиялық дәрігер елордада балаларға ота жасады

Екі күн бойы Гиршпрунг ауруы секілді асқазан-ішек жолдарының туа біткен ақаулары, аноректалді ақау, өкпенің туа біткен мальформациясы сынды диагноздар бойынша аз инвазивті оталар жасалды. 

Белгілі түркиялық дәрігер елордада балаларға ота жасады

Іс-шара еліміздегі «Балалар жылы» аясында №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы мен Станбұл қаласындағы университет емханалары арасындағы халықаралық меморандум шеңберінде өткізіліпті. 

Белгілі түркиялық дәрігер елордада балаларға ота жасады

Еліміздегі балалар хирургиясының деңгейі айтарлықтай жоғары. Оны түркиялық әріптесіміз Бурак Тандер де атап өтті. Ол шеберлік сағатына тәжірибе алмасуға келгенін алға тартты. Әрине, 2-3 күн ішінде дәрігер жасап шығару мүмкін емес. Алайда шеберлік сағаты өзінің діттеген міндетіне жетті деп ойлаймын. Дәрігерлеріміздің кәсіби біліктілігін арттырып, халықаралық медициналық қоғамдастықпен тәжірибе алмаса отырып, балалар хирургиясындағы жаңа технологияларды игеру. Сонымен қатар отаға әлемнің түкпір-түкпірінен қатысқан мамандарға онлайн көрсетілім ұйымдастырдық, - деп атап өтті балалар хирургы Виктор Исаков. 

Белгілі түркиялық дәрігер елордада балаларға ота жасады

Отадан кейін дәрігерлер жасалған операцияларды талқылады. 

Белгілі түркиялық дәрігер елордада балаларға ота жасады

Бір қуантарлығы, мұндай шеберлік сағаттарының аясында жасалып жатқан оталар – бастамасы ғана дейді ұйымдастырушылар. 

«Балалар жылы» стационар қабырғасында жыл соңына дейін осындай бірнеше операциялар жасалады деп жоспарланып отыр. 

Өзгелердің жаңалығы