Белгілі саясаткер Төлен Тоқтасынов дүниеден өтті

Белгілі қоғам қайраткері, Мәжілістің бұрынғы депутаты Төлен Тоқтасынов дүниеден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ

6 Қазан 2024 2024, 12:53
АВТОР
 6 Қазан 2024 2024, 12:53
6 Қазан 2024 2024, 12:53
1337

Белгілі қоғам қайраткері, Мәжілістің бұрынғы депутаты Төлен Тоқтасынов дүниеден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаралы хабарды кәсіпкер Ахметбек Нұрсила жазды.

Кеше түнде жан досым Төлен Мұхамедиұлы Тоқтасын, ауыр дертпен жарты жыл арпалысып жеңе алмай, ақыры мәңгілік мекеніне аттанып кетті. Бақұл бол Төке, сені жақсы танитын жақындарыңның, халқыңның жадысында арын жоғары ұстаған, жасампаз азамат ретінде есінде мәңгілік қаласың! Сүйегін туған қаласы Семейге апарып, анасының қасына қоямыз деп шештік..., - делінген жазбада.

Төлен Мұхамедиұлы Тоқтасынов 1962 жылы 9 қазанда Семей қаласында туған. Мемлекет және қоғам қайраткері.

Төлен Тоқтасынов көзі тірісінде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының құрылтайшыларының бірі болды. Сондай-ақ Мәжіліс депутаттығына сайланған.

Наверх