Белгілі кәсіпкер Александр Машкевич қайтыс болды

22 Наурыз 2025, 15:30
1009
Бөлісу:
Белгілі кәсіпкер Александр Машкевич қайтыс болды
Фото: 7152.kz

Eurasian Resources Group (ERG) акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич өмірден өтті. Бұл туралы Tengrinews.kz ақпарат көзі хабарлады.

Александр Машкевич – ERG акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. Ол компанияны Патох Шодиев, Ибрагимовтар отбасы және Қазақстан үкіметімен бірлесіп басқарған. ERG-ке ТНК “Қазхром”, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі, “Алюминий Қазақстан”, Қазақстан электролиз зауыты сияқты ірі кәсіпорындар кіреді.

Шодиев және Ибрагимовтармен бірге Машкевич “Еуразиялық қаржы компаниясы” АҚ, “Еуразиялық өнеркәсіп компаниясы” АҚ және “Еуразиялық өндірістік компаниясы” ЖШС-нің тең иесі болды.

Ол “Еуразиялық қаржы компаниясы” мен “Еуразиялық банк” директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды, Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі және Қазақстан ат спорты федерациясының құрметті президенті болды.

 

Өзгелердің жаңалығы