Белгілі геолог Балтабек Қуандықов дүниеден өтті

Ол - еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға зор үлес қосқан танымал кәсіби сарапшы

 Әлеуметтік желі 7 Маусым 2025 2025, 17:20
7 Маусым 2025 2025, 17:20
2640
Фото: Әлеуметтік желі

Қазақстанның геология ғылымы үшін үлкен орны бар тұлға, геология-минералогия ғылымдарының докторы Балтабек Мұқанұлы Қуандықов өмірден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға зор үлес қосқан танымал геолог, кәсіби сарапшы, сала ардагері ретінде танымал еді. Көп жылдар бойы Қазақстанның геологиялық барлау және көмірсутек кен орындарын зерттеу бағытында еңбек етіп, көптеген ғылыми және өндірістік жобалардың бастамашысы болды.

Наверх