Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі ғалым, фольклорист, халық ауыз әдебиетінің көрнекті өкілі, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері Тоқтар Әлібек өмірден озды.
Белгілі ғалым, фольклорист, халық ауыз әдебиетінің көрнекті өкілі, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері Тоқтар Әлібек ағамыз тәжтажалдың құрбаны болыпты. Өте өкінішті... - деп жазды Жанарбек Әшімжан Facebook-тегі парақшасында.Архивтің ала шаңына көміліп, 100 томдық «Бабалар сөзінің» күллі қара жұмысын қопарған, тарихтың қалтарыс-бұлтарысында қалған халық ақындарын аршыған, құба жылдардың жымынан Құлмамбет ақынның мұраларын іздеп тауып, елге табыстаған, көне қолжазбаның мәтінін жазбай таныған нағыз шебер еді.
Көшелі тұлғаны Құдай тағала көрмеген көшесінде жарылқап, панасына алсын. Отбасына, ұрпақтарына, әріптестеріне Алла сабыр берсін. Қандай ауыр қаза... - деп жазды Әшімжан.