Белгілі ақын, асаба, Мәдениет саласының үздігі, көркем сөз оқу шебері Құрманай Бақтиярқызы ауыр халде жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы эстрада әншісі Алтынай Жорабаева Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.
Құрманай Бақтиярқызына дұға жасап қойыңыздаршы, қымбатты менің оқырмандарым! Құрманай қыздарыңыз ауыр халде жатыр. Алла шипасын берсін, Құрманайым, - деп жазды Жорабаева.
Айта кетейік, эстрада жұлдыздарына ән жазып беріп жүрген Құрманай Бақтиярқызының екі қызы мен ұлы бар.