Белгілі эстрада әнші Нұрболат Абдуллин анасының 65 жасқа толған туған күнін дүркіретіп тойлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тойдың видеосын әнші өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялаған.
Тосын сыйға толы туған күн! Жасыңыз құтты болсын, анашым!, - деп жазып қойған әнші видеоның астына.
Той үстінде Нұрболат Абдуллин анасының курстастарын шақырып тосын сый жасағанын, одан бөлек Ақтөбе қаласы әкімі Асхат Шахаров арнайы құттықтау жолдап, "Еңбек ардагері" медалін табыстағанын көруге болады.
Әншінің анасын құттықтауға Мейрамбек Бесбаев, Нұржан Төлендиев, Ғазизхан Шекербеков, Жазира мен Жанболат Байырбековтер секілді өнер жұлдыздары келген.
Видеоны көрген оқырмандар жылы лебіздерін жаудырып жатыр.