Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Белгілі актер Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті

Кеше, 22:46
124
Бөлісу:
 Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист, кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаев өмірден өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрлік актердің қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады.

Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады. Нұрлан Санжарұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз, - делінген көңіл айтуда.

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болғай.

Өзгелердің жаңалығы