Белгіленбеген орынға қар төккен 300 адамға айыппұл салынды

20 Қараша 2019, 03:19
1732
Бөлісу:
Белгіленбеген орынға қар төккен 300 адамға айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Нұр-Сұлтанда табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жүргізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 300-ден астам құқықбұзушылық анықталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомстводан хабарлағандай, соңғы 10 айда табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен белгіленбеген орындарда қар, қоқыс қалдықтарын және зәр-нәжіс суын төккен 300-ден астам құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, қараша айында полициясы қызметкерлерімен Тұран даңғылының бойындағы белгіленбеген орынға қар төккен "Камаз" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы "Абаттандыру қағидаларын бұзу" бойынша 25 жасар елорда тұрғыны 20 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.
Елордада қар мен қоқысты шығару үшін арнайы орындар бөлінген. Қарды түсіру ресми рұқсат етілген орындарда жүзеге асырылады:

- "Алматы" ауданының аумағында-Железнодорожный тұрғын алабы ауданында, туберкулезге қарсы диспансер жағында;

- "Сарыарқа" ауданының аумағында - Тілендиев даңғылы, Астрахан тас жолы 5 км ЕПМ-ге кіріске қарсы;

- "Байқоңыр" ауданының аумағында - Алаш тас жолы бойынша ЭКО полигонға қарсы;

- "Есіл" ауданының аумағында - Тұран даңғылы 89 бойынша Қазанат ипподромы ауданы.

 

 

Өзгелердің жаңалығы