Абай облысы Білім басқармасы жасұландық тәрбиеленушілер мен офицер арасында болған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облысы Білім басқармасы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас-Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ тәрбиеленушілері мен офицер арасында болған бейне жазбаға қатысты ресми мәлімдеме таратты.
3 ақпанда әлеуметтік желілердің мониторингі барысында 111-взвод ұланына 91-взвод ұланы соққы берген бейнежазба табылды. Сондай-ақ офицер 71-взвод ұланын белбеуімен ұрған бейнежазба табылды. Жоғарыда аталған фактілер 2022 жылдың қазан айында болды, - делінген ресми мәлімдемеде.
Қызметтік тергеу барысында бұл фактілер расталды және кінәлі адамдарға қатысты тәртіптік жаза қолданылды, атап айтқанда: 111-взводтың тәрбиеленушісі 2023 жылдың 6 ақпанында оқудан шығарылды, офицер 2023 жылдың 8 ақпанында қызметінен босатылды.
Ұландар арасындағы қарым-қатынас, жанжалды жағдайлар мен педагогтердің іс-әрекеттері Семей қаласының «Жас Ұлан» лицейі мен Абай облысы білім басқармасының басшылығының тұрақты бақылауында.