Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 тамыз - Беларусь президенті сайлауындағы негізгі дауыс беру күні.
Президент сайлауында бес үміткер бақ сынауда. Оның ішінде елді 26 жылдан бері басқарып келе жатқан Александр Лукашенко да бар. Ол осымен алтыншы рет президент сайлауына қатысуда. Оған бәсекелес ретінде оппозиция ұйымынан екі ер және екі әйел адам қатысып жатыр.Сайлауға 6,8 миллион адам қатыса алады. Елде 5767 дауыс беру учаскесі құрылған, және шетелде 44 учаске бар, олар Беларусь елшілігі мен бас консулдықтарында жасақталған.
Беларусь президенті болып сайлану үшін сайлауға қатысушылардың 50%-дан астам дауысын иелену керек. Көптеген саясаткерлер елдегі қазіргі жағдайда сайлаудың екінші турын өткізу мүмкіндігі бар екенін айтуда. Елде президент сайлауының екінші туры 1994 жылдан бері болмаған, ол кезде Лукашенко жеңіске жеткен еді.