Екі жасар қыз абайсызда анасын өлтіріп алды

13 Қыркүйек 2019, 10:10
21841
Бөлісу:
Екі жасар қыз абайсызда анасын өлтіріп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кішкентай қызды анасы ашық тұрған көлік терезесінен көтеріп алмақшы болғанда, терезе көтергіштің тетігі басылып кеткен, деп хабарлады Sputnik Беларусь.

"Сол күні жас отбасы баласымен ауылға қонаққа келген.  21 жасар әйел қызын терезеден көтеріп алмақшы болған. Осы сәтте кішкентай бала көліктегі терезе көтергіштің түймесін басып қалып, механизм әйелдің мойынын қысып қалған", - делінген полиция таратқан мәліметте.
 
Күйеуі оны сол жерден ес-түссіз күйі тапқан. Ол автокөлік әйнегін сындырып, жедел жәрдем шақырған. Әйел ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, оған асфиксия диагнозы қойылды. Бір аптадан кейін ол қайтыс болды.
 
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Өзгелердің жаңалығы