Беларусь тәжірбиесі. АЭС-тің салынуы елге бақ па, сор ма?

24 Тамыз 2024, 15:08
1004
Бөлісу:
Беларусь тәжірбиесі. АЭС-тің салынуы елге бақ па, сор ма?
Фото: автордан

Атом энергиясы әлемдік электр энергияның тек 10 пайыздан астамын қамтамасыз етіп отыр. Бүгінгі таңда жаңа 61 энергоблок салынып жатыр. Жалпы, АЭС-тің қауіпсіздік мәселесі қалай шешімін табады? Онда жұмыс істейтін мамандарды қалай дайындайды? Жоба салынған аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы қалай өзгереді? Мұның адамзат үшін маңызы қандай? Белорусь атом электр станциясы жұмысымен танысып жүрген BAQ.KZ тілшісі жергілікті мамандардан сұрап білді.

Әлемнің тек 5 елінде АЭС энергиясының үлесі жалпы өндірісте 40 пайыздан асып отыр. Олар - Франция, Словакия, Венгрия, Бельгия және Словения мемлекеттері.

Беларусь тәжірбиесі. АЭС-тің салынуы елге бақ па, сор ма?

 Жалпы, атом электр энергия саласын дамыту Беларусьтегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. Беларусь АЭС арқасында парниктік газдар шығарындыларын 7 млн тоннаға дейін төмендетті. АЭС құрылыс орналасқан аймақ Гродно облысының әлеуметтік-экономикалық дамыуна серпін берді. 

Беларусь тәжірбиесі. АЭС-тің салынуы елге бақ па, сор ма?

Мәселен, сол облыста орналасқан Островец қаласының халқы екі есеге өсті. 14 мыңға жуық адам тұратын қалада көпшілікке қолжетімді мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер салынды. Жалпы, елдің әлеуметтану институты 2023 жылы сәуір-мамыр айларында сауалнама өткізген болатын. Нәтижесінде беларусьтердің 72,8 пайызы АЭС құрылысының жобасын қолдайтын болып шықты. Ал, халықтың 57,8 пайызы республиканың отын-энергетикалық кешені жақсаратынына сенімді.

Беларусь тәжірбиесі. АЭС-тің салынуы елге бақ па, сор ма?

Жалпы, БелАЭС Беларусь елінің солтүстік-батыс шекарасында Гроднен облысы Островец қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан.

 

АЭС жұмысшыларына қандай жағдай жасалған? 

Станция қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы белсенді түрде қорғалады. Оларға арналған бірізді жүйе қалыптасқан. Беларусь АЭС-інің бүкіл қызметкері жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Атом станциясының қызметкерлері жыл сайын жергілікті оңалтудан өтеді. Станцияда психофизиологиялық зертхана жұмыс істейді, онда білікті психологтар мен физиолог мамандармен қамтылған. Станция басшылығы спорттық жобалар мен іс-шараларды белсенді қолдайды. Жұмысшылар үшін «Денсаулық күндері» және кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасындағы спорттық біріншіліктер дәстүрге айналды. Беларусь АЭС спортшылары түрлі салалық жарыстардың бірнеше рет жүлдегерлері атанған. Онымен қоса, сапарлар мен экскурсиялар, театрлар мен спорттық матчтарға бару ұйымдастырылады.

Беларусь тәжірбиесі. АЭС-тің салынуы елге бақ па, сор ма?

БелАЭС қауіпсіздігі қалай сақталады? 

Беларусь АЭС қауіпсіздігін бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Станцияға радиоактивті заттар мен зиянды сәулелер таралмауы үшін кедергілер қойылады. Яғни кедергілер жүйесі бар.

Беларусь тәжірбиесі. АЭС-тің салынуы елге бақ па, сор ма?

Бірінші тосқауыл - бұл отын матрицасы (таблетка). Ол радиацияның сыртқа шығуына жол бермейді. Екіншісі - негізгі айналым тізбегінің жылу тасымалдағышына түсуіне жол бермейтін жылу бөлетін элементтің қабығы. Үшіншісі - бөліну өнімдерінің қорғаныш герметикалық қабықтың астына шығуына жол бермейтін негізгі тізбек. Төртінші - радиацияны қоршаған ортаға шығармайтын және реактор қондырғысын кез келген сыртқы әсерлерден қорғайтын герметикалық қоршау жүйесі (контайнмент). 

Беларусь тәжірбиесі. АЭС-тің салынуы елге бақ па, сор ма?

Контайнмент тек ішкі әсерден қорғамайды. Мәселен, станцияға ұшақ құласа немесе аймақта жер сілкінсе де төтеп бере алады. Сондай-ақ 5 кг/см2 ішкі қысымды ұстай алады. Реактордағы бүкіл су буға айналып, оразан зор қысым түсірсе де ұстап тұрады. Қабық темірбетоннан жасалады. Ішінен үлкен кернеумен тартылған металл тростар конструкцияға қосымша монолиттілік беріп, төзімділігін арттырады. «АЭС-2006» жобасында қауіпсіздік жүйелерінің 4 тәуелсіз арнасы қарастырылған. Олардың әрқайсысы бүкіл жүйенің функцияларын орындай алады. Әр арнада бор қышқылы ерітіндісінің жеке қоры бар, резервтік энергиямен жабдықтау дизель-генераторлармен және аккумуляторлық батареялармен қамтамасыз етіледі. Арналардың барлық жабдығы физикалық түрде бөлінген, ал апаттық жүйелердің функцияларды атқаруы әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады.

АЭС-те жұмыс істейтін мамандар қалай даярланады?

Беларусь АЭС-інде персоналды оқыту оқу-жаттығу орталығында жүзеге асырылады. Мұнда АЭС-ті қауіпсіз және сенімді пайдалану дағдыларын қолдауды және жетілдіруді қамтамасыз ететін техникалық оқыту құралдарын пайдалана отырып, оперативті персоналдың жаттығулары мен сабақтары өткізіледі. ОЖО ең заманауи тренажер жабдықтарымен, соның ішінде: практикалық оқытуға арналған стендтермен, жабдықтардың үлгілерімен (макеттерімен), компьютерлік оқыту жүйелерімен, жергілікті тренажерлармен жабдықталған. Оперативті персоналды даярлау энергоблокты басқарудың блоктық қалқанының дәл көшірмесі - толық масштабты тренажерде жүргізіледі. Толық масштабты тренажер энергия блогын пайдаланудың әртүрлі режимдерін модельдеуге, штаттан тыс жағдайларда оперативті персоналдың іс-қимыл дағдыларын пысықтауға мүмкіндік береді.

Беларусь тәжірбиесі. АЭС-тің салынуы елге бақ па, сор ма?

Оқу процесінде 33 нұсқаушы — АЭС-те үлкен тәжірибесі мен жұмыс өтілі бар жоғары білікті маман жұмыс істейді. 2008 жылдан бастап Беларусь Республикасында ядролық энергетика үшін кадрлар даярлаудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде - 1000 маман, АЭС құрылысына арналған Бас келісімшартты орындау шеңберінде 600 маман оқытылды. Жыл сайын 400 маман - Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының сырт білім беру мекемелерінде және мамандандырылған ұйымдарында, 1500 маман оқу-жаттығу орталығында және кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде оқытылады, - деді Беларусь атом электр станциясы директорының сапа бойынша орынбасары Александр Ерин.

Беларусь вице-министрі не дейді?

Бірыңғай энергетикалық жүйе енгізілген сәттен бастап станция 34 млрд кВт/сағ электр энергия өндірді. Атом электр станциясын салу туралы шешімді 2008 жылы Мемлекет басшысы қабылдады. Жоба Энергетикалық қауіпсіздік тұжырымдамасының негізі болды және мемлекеттің энергетикалық тәуелсіздігін айтарлықтай арттыруға арналды. Елімізде табиғи қазбаларға бай қор жоқ. Сондықтан Беларусь бейбіт атом энергиясына сүйенеді. Бүгінгі таңда іс жүзінде елімізде экономиканың жаңа жоғары технологиялық секторы атом энергетикасы толығымен қалыптасты, - деді Энергетика министрінің орынбасары Денис Мороз.

Беларусь тәжірбиесі. АЭС-тің салынуы елге бақ па, сор ма?

Энергетика министрінің орынбасары елде электр көліктердің көбейіп келе жатқанын атап өтті.

АЭС-тің болуы - транспорт үшін электр энергиясын пайдалануды ынталандырды. Республикада электромобильдерге көшуді ынталандыру бойынша бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Яғни, жанармайдан энергиямен жүретін көліктерге ауысу қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда электрден қуат алатын желі құрылып жатыр. Осы бастаманы халық та қолдап, электрмен жүретін көлікке ауысуға дайын. Беларусьте электр көлікпен жүретіндер саны 15 мыңға жуықтап қалды. Ал электр көлікті пайдаланғандардың өсімі былтыр 200 пайызға жеткен еді. Биыл да осы көрсеткіш болады деп ойлаймыз. Елде қоғамдық көлікті тоққа көшіру бойынша жеке жобалар жүзеге асырылып жатыр. «Шклов» пен «Жодино»қалаларында барлық қоғамдық көлік тоқпен жүреді. Биыл тағы да жергілікті жерлерді қосамыз,- деді Денис Мороз.

Еске сала кетсек, бұған дейін Беларусь республикасы АЭС-тің арқасында неге қолжеткізіп отырғаны жөнінде жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы