Беларусь шекарасын жабады

16 Желтоқсан 2020, 04:42
1483
Бөлісу:
Беларусь шекарасын жабады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь билігі коронавирусқа байланысты құрлықтағы шекарасын уақытша жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Шара 10 күннен кейін жүзеге асырылады. Жаңа тәртіпке сай азаматтардың ел аумағын көлік, теміржол және кеме бекеттері арқылы шығуына тыйым салынады. Шектеуден дипломаттар, ресми делегация, халықаралық жүктерді тасымалдайтын жүргізушілер, әуе және су көлігі экипаждары босатылады. Ал азаматтардың өзге елдерге баруына төтенше жағдайда ғана рұқсат етіледі.

 Айта кетейік, Беларусьте індет басталғалы қатаң карантин енгізілген емес. Бірақ қарашаның бірінен бастап елге шетелдіктердің құрлықтағы шекара арқылы кіруі шектелген. Бұл елде 150 мыңнан астам адам вирус жұқтырған.
Өзгелердің жаңалығы