Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан әскері келеді. Министрлік мәлімдеме жасады

18 Қыркүйек 2024, 17:40
2583
Бөлісу:
Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан әскері келеді. Министрлік мәлімдеме жасады
Фото: @modgovkz

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ-ның алдағы жаттығуларына қатысты ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Алматы облысының "Жағалау" оқу полигоны базасында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024"  командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған, - делінген хабарламада.       

Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтетін жерге 18 қыркүйектен бастап Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері аралас тәсілмен келе бастайды. 

Алматы және Жетісу облыстарының аумағы арқылы әскери қызметшілердің қозғалысы темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты, азаматтар мен БАҚ өкілдерінен әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы