Қазақстандық боксшы Бекзат Таңатар Болгарияда өтіп жатқан "Странджа" халықаралық турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол жұдырықтаспай, ширек финалға өтті. Өйткені, оның 1/8 финалдағы үндістандық қарсыласы жекпе-жекке шықпай қалды.
Бұған дейін Ерасыл Таңқай (60 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) пен Темірхан Тезек (67 келі) ширек финалға жолдама алған болатын.
Ал 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Бекзат Алдамжаров "кіші әлем чемпионатының" 1/8 финалында жарыс жолын аяқтаған болатын.