Алматы, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда өткен «Көшпенділер шайқасы» бокс кешінде Бекзат Нұрдәулетов нигериялық Кабиру Товолавиді жеңді.
22 жастағы отандасымыз Бекзат Нұрдәулетов (2-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы және 2020 жылғы Олимпиадаға олимпиадалық лицензияның иегері жартылай ауыр салмақта (79,3 келіге дейін) 40 жастағы нигериялық Кабиру Товолавиді (13-3, 10 КО) жеңді. Бұл Кабиру Товолавидің үшінші жеңілісі.