- Мұқаба
- Жаңалықтар
- Бектенов: Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын тарихи шешім
Бектенов: Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын тарихи шешім
Оның сөзінше, жаңа Конституцияның қабылдануы – Қазақстанның заманауи тарихындағы ел тағдырын айқындайтын маңызды кезең.
Бүгiн 2026, 09:17
Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтарды жалпыхалықтық референдум нәтижесінде жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, оның елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Премьер-министрдің айтуынша, жаңа Конституцияның қабылдануы – Қазақстанның заманауи тарихындағы ел тағдырын айқындайтын маңызды кезең.
Ең алдымен, барша қазақстандықтарды тарихымыздағы аса маңызды оқиға – жалпыхалықтық референдумда жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын! Бұл – Қазақстанның заманауи тарихындағы ел тағдырын айқындайтын елеулі кезең, – деді Бектенов.
Үкімет басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан реформалар елдің кез келген сын-қатерлерге төтеп беруіне мүмкіндік беретінін атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен және қоғамның белсенді қолдауымен елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер Қазақстанның кез келген сын-қатерлерге төтеп беруін қамтамасыз етеді, – деді ол.
Оның сөзінше, Ата заң саяси тұрақтылықты нығайтып, экономиканың барлық саласын жаңғыртуға жол ашады.
Ата заң саяси тұрақтылықты нығайтып, экономика мен қоғамның барлық саласын одан әрі жаңғыртуға жол ашады. Бірлік пен әділдік, Заң мен Тәртіп сияқты негізгі құндылықтарды орнықтырып, ұлтымыздың ұзақ мерзімді даму бағдарын айқындайды, – деді Премьер-министр.
Сонымен қатар жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, адам капиталы мен ғылымның дамуына, цифрлық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кепілдік береді.
Ол еліміздің саяси өміріне халықтың толыққанды қатысуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына, адам капиталының, ғылым мен мәдениеттің, цифрлық ортаның сапалы дамуына, экологиялық қауіпсіздіктің сақталуына кепілдік береді, – деді ол.
Бектенов құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға ерекше назар аударылғанын жеткізді.
Сонымен қатар құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту, заң көмегін алу құқығына және дербес деректердің қорғалуына кепілдік беру негізгі заң деңгейінде бекітіліп отыр, – деді ол.
Премьер-министр Президенттің жаңа Конституцияға берген бағасын да атап өтті.
Президент атап өткендей, жаңа Конституция елдігіміздің тірегі, Егемендігіміз бен Тәуелсіздігіміздің тұғыры болады, – деді Бектенов.
Оның айтуынша, қазақстандықтар референдумда белсенділік танытып, мемлекет бастамаларын қолдады.
Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдап, өз дауыстарымен нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті, – деді ол.
Сонымен қатар Үкімет басшысы Қазақстанның халықаралық беделі артып отырғанын айтты.
Бүгінде жаһан жұртының Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көшбасшылығына және қабылданған Конституциямыздың прогрессивті сипатына куә болғанын көріп отырмыз. Бұл Қазақстанның жоғары беделі мен жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін айқын білдіреді, – деді Премьер-министр.
Бектенов Үкімет алдында тұрған негізгі міндеттерге тоқталды.
Өз кезегінде, біз Президенттің командасы ретінде, алдымызда тұрған мақсат-міндеттерге қол жеткізіп, реформалардың сапасы мен озық қарқынын қамтамасыз етуіміз керек, – деді ол.
Оның айтуынша, жаңа Конституцияны іске асыру үшін заңнамалық жұмыстар жедел жүргізіледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Үкімет Парламентпен бірлесіп, тез арада бірқатар заңдар мен заңға тәуелді актілерді жаңа Конституцияға сәйкес келтіруге тиіс. Атап айтқанда, 5 жаңа және қолданыстағы 8 конституциялық заңға, сондай-ақ 60-тан астам заңға, оның ішінде негізгі кодекстерге түзетулер енгізу керек, – деді Бектенов.
Сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтіледі. Сонымен қатар Конституцияны ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту қажет.
Бұл Ата заңды жаппай басып шығаруды, оны қолжетімді электрондық платформаларда орналастыруды, білім беру саласы үшін әдістемелік нұсқаулар мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуді талап етеді. Сондай-ақ еліміздің жаңа Конституциясы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет, – деді Премьер-министр.
Ең оқылған:
- Астанада жоғалған жасөспірім 1000 шақырым жерден табылды
- Жемқорлық үшін сотталған Бақытгүл Хаменованың жазасы жеңілдетілді
- Атырау облысындағы отбасының өлімі: ІІМ жаңа мәліметтерді жариялады
- Мәйітті сөмкеге салып, қоқысқа тастаған: Ақтөбеде 55 жастағы ер адамды өлтірген күдікті ұсталды
- «Екеуі ауыр халде»: Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккендер туралы жаңа мәлімет
Олжас АДАЙ