Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері бойынша кеңес өткізді

Бүгiн, 12:57
226
Бөлісу:
Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері бойынша кеңес өткізді
Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы және жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері қарастырылған. Ықтимал қолайсыз факторлардың әсерін барынша азайту, сондай-ақ қолда бар артықшылықтарды пайдалану шаралары талқыланды.

Ұлттық экономика, Қаржы, Энергетика министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы әлемдік экономиканың дамуының Қазақстанға ықпалының есептеулері мен сценарийлерін ұсынды.

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесіп бірқатар тапсырмалар берілді.

Өзгелердің жаңалығы