Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов салық органдары бизнесті қолдау мен сүйемелдеуге баса назар аудара отырып, жаңа модель аясында кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл жасайтынын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Негізгі маңызды өзгеріс – сервистік модельге көшу. Кәсіпкерді тіркелген сәтінен бастап, қызметінің барлық кезеңінде фискалдық қолдау жүйесі енгізілуде. Салық органдарының алдында тұрған міндет – қателіктер үшін жазалау емес, керісінше қателеспеуге көмектесу, – деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында.